Еліміздегі ең сұранысқа ие 100 мамандық анықталды

Кәсіптерді іріктеу үш параметрді қолдануға негізделген.
Бірінші параметр бойынша Қазақстан Республикасында іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі басымдықтары ескерілді. Оның ішінде 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы Жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және басқалар.
Екінші параметр аясында ҚР еңбек нарығында ұсынылған 1300 мамандық, ұлттық кәсіптер жіктелуіне сәйкес үш жүзден астам индустриялық және сервистік мамандықтар анықталды.
Үшінші параметрдің негізіне Еңбек министрлігінің 2025 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Атамекен" ҰКП мен оқу орындарының бірлескен күшімен сұратылған жұмыс берушілердің 700-ге жуық сауалнамасын талдау нәтижелері алынды.
Сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесі «Жас маман» бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200 оқу орнын жаңғыртуға негіз болады.
Сұранысқа ие мамандықтар тізбесін мына жерден көруге болады.