Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты
Kyzylorda-news.kz Астана қаласына Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. 19-20 қыркүйек күндері елордада Қызылорда облысының тауарөндірушілері қатысатын дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.Арқа төрінің тұрғындары мен қонақтарына Сыр өңірінің брендіне айналған ақ күріші, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын-қарбызы, ұлттық сусындар және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады.
Сыр елінен елордаға 100 жүк көлігіне тиелген 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізіліп, жәрмеңкеге 100-ге жуық дихан мен тауарөндіруші қатысады.
Атап айтқанда, 230 тоннадан астам күріш, 30 тонна ет өнімдері, 30 тонна балық өнімдері, 280 тонна бақша өнімдері, 30 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидектер, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі.
Сонымен қатар, елордалықтарға Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Өтетін орны: «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойы
Күні: 19-20 қыркүйек
Уақыты: 09:00–18:00










