Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 450 тоннадан астам Сыр дәмі Елордаға жол тартты

450 тоннадан астам Сыр дәмі Елордаға жол тартты

Бүгін Алтын қамбаның алаңынан Астана қаласына ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген 40 жүк көлігі жолға шықты. Арқа төріндегі тұрғындарға жалпы құны 160 млн.теңгені құрайтын 450 тоннадан астам Сыр дәмі ұсынылмақ. Атап айтқанда, 130 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет және 30 тоннаға жуық балық, 30 тоннадай көкөніс пен жеміс-жидек, 230 тонна бақша өнімі, 3 тонна ас тұзы, 10 тонна сүт өнімі, 5 тоннаға жуық сөк, талқан және кондитер өнімі жөнелтілді. Бұл өнімдер нарық бағасынан 20-30 пайызға төмен бағада астаналықтарға сатылатын болады.
-Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бас қаладағы жәрмеңке биыл да жалғасын тауып отыр. Осы жылғы жәрмеңке қыркүйек айының 16-17 күндері Астана қаласының 25 жылдығы мен Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Бас қаладағы жәрмеңкеде 60-қа жуық Сыр диханы мен тауарөндірушілері 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін тұрғындарға төмен бағада ұсынбақ. Атап айтқанда, Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауын мен қарбызы, ұлттық сусындары жеткізіледі. Одан бөлек, елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлау үшін Сыр елінің өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады, - деді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бастығының орынбасары Айнұр Тлеулеева.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
13 қыркүйек 2023 ж. 298 0