Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды

Ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды

Өткен сенбіде Қызылорда қаласында облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласының шаруа қауымы ұсынған дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке жыл сайын қала күні мерекесіне орай облыс орталығында ұйымдастырылуда.
Биылғы жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен аудандардың тауар өндірушілері 265,6 миллион теңге құрайтын 414 көлікпен жалпы 1 555 тонна тауарларын ұсынды. Оның ішінде түрлі көкөніс, жеміс, күріш, ет, балық және сүт өнімдері бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында ұйымдастырылған жәрмеңкеге келген облыс әкімі Г.Әбдіқалықова қала және аудан әкімдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын негізсіз көтеру жағдайларын бақылауға алуды және санитарлық талаптардың сақталуын қадағалауды тапсырып, «Шаруалар, диқандар ерте көктемнен бастап еңбек етіп, бүгін өнімдерін ұсынуда. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрғындар асыға күтетін үлкен мереке. Негізсіз баға көтеру жағдайлары орын алмау керек. Санитарлық талаптар қатаң сақталсын», – деді.
Жәрмеңкеге Аралдан 25 көлікпен 52 тонна ауыл шаруашлығы өнімдері апарылып, өнімнің жалпы құны 30 миллион 276 мың 500 теңгені құрады. Атап айтқанда, 500 литр шұбат, 10 тонна ет, 100 бас қой, тоқты, 48 бас сойылған және үйітілген қой, 8 тонна балық, 2 тонна тірі балық, 25 тонна көкөніс өнімдері және 2 тонна ас тұзы апарылды.  Өнімдер базар бағасынан 15 пайыз, яғни облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген бағамен Қызылорда қаласының тұрғындарына ұсынылды. 
М.Садуақасов,
аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
29 қыркүйек 2020 ж. 1 016 0