МОЛШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ «АЛТЫН ДӘН – 2019»
Бүгін «Алтын дән-2019» салтанатты іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында Арал ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмекесі өткізілді, – деп хабарлайды Арал ауданы әкімдішінің баспасөз қызметі.
С.Торайғыров көшесінің бойында өткізілген шара барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жәрмеңкеге арнайы қатысқан облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовқа теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерді таныстырды.
Ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне ауданнан 500 литр шұбат, 16 тонна балық, 50 бас қой, тоқты, 50 бас ешкі, 5 тонна ет, 5 тонна ас тұзы, 7 тонна қауын-қарбыз, 19 тонна көкөніс өнімдері ұсынылды.
Сонымен қатар, аудан өнерпаздары қала тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жәрмеңкеге әкелінген жалпы 16 млн.440 мың теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылымда болды.