Балық шаруашылығы – байлық көзі

Бүгінде Арал теңізінен жылына 8 мың тонна балық ауланып, жергілікті балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Қазіргі таңда аймақта жылдық қуаттылығы 11 мың тоннадан асатын 8 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды. Төрт кәсіпорынның Еуропалық Одақ елдеріне өз өнімдерін экспорттауға мүмкіндік беретін “Еврокод” есептік нөмірі бар. Былтыр облыс бойынша 3802,8 тонна балық өнімдері экспортталды. Оның ішінде Ресейге – 2417,4 тонна, Еуропа елдеріне – 1305,4 тонна, аспан асты елі Қытайға 80 тонна жіберілген.
Жалпы алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, көрсеткіштер көлемі ұлғая бермек. Себебі, халықтың әлеуетін көтеріп, елдің ырысын еселейтін сала өңір экономикасының өзегіне айналуда.