Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

tolqyn.kz Арал қаласындағы «Эврика» сауда үйі алаңында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Молшылық мерекесіне ауданға қарасты ауылдық округтерден жергілікті шаруалар өз тауарларын әкелді. Теңізді өлке тұрғындарының игілігіне бағытталған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов арнайы қатысып, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің бағасын бақылап өтті.
Айта кетейік, жәрмеңкеге 5 тонна мұздатылған балық, 1,5 тонна ас тұзы, 2,5 тонна ет өнімдері, 110 кг құрт пен ірімшік және 180 литр шұбат өнімдері, 40 бас қой, 110 пар ысталған балық, 80 данадан астам үйрек пен қаз еттері әкелінсе, 2 жүк көлігі бақша өнімдері және15 тоннадан астам көкөніс аудан орталығы тұрғындарына төмен бағада сатылды.
– Жәрмеңкеде тұмысқа қажетті азық-түліктер нарықтағы бағадан бірнеше есе төмендетіп сатылды. Бұл қарапайым халыққа жасалып отырған үлкен қолдау деп білемін. Жәрмеңке күні асыға барып керегімізді алдық. Ауданда мұндай игі істердің көптеп ұйымдастырылуы қуантады. Келушілер көп болды. Бәрі өздеріне керек өнімді арзан бағада алып риза болып жатыр. Сондықтан осы игі істің басынан табылып жүрген басшыларға рахмет айтқым келеді, - деді қала тұрғыны М. Нұрашева
Бұл жәрмеңкеге 20-дан астам жүк көліктерімен ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіліп, сатылымға шығарылған өнімдер нарық бағасынан 15-20 пайызға арзандатылып, жергілікті халыққа ұсынылды.
11 желтоқсан 2022 ж. 546 0