Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Арал қаласындағы А. Байтұрсынов көшесінің бойында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Аудан тұрғындарының игілігіне бағытталған шарада аудан әкімі Серік Сермағамбетов тұтынушыларға ұсынылған өнімдердің бағасын бағамдап, сөреге қойылған заттарды аралап көрді.

Молшылық шарасына қала, кент ауылдық окургтерден 3,2 тонна ет, 120 литр шұбат, 120кг құрт ірімшік және Сыр бойындағы ауылдық округтерден 6,5 тонна балық және 130 дана ысталған өнімдері жеткізіліп, қолжетімді бағада саудаланды. Мұнымен бірге жергілікті балық өңдейтін кәсіпорындардың қатырылған балық түрлері де сатылымға шығарылды.
Жәрмеңкеде жеке кәсіпкерлер тарапынан әкелінген 20 тонна картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, алма, құрма сынды көкөніс және жеміс-жидек түрлері мен мал азығы (жем) нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада босатылды.

Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
"Толқын" ақпарат
11 желтоқсан 2021 ж. 446 0