Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сексеуілде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Сексеуілде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді

Аудан әкімдігінің қолдауымен тоғыз жолдың торабынан орын тепкен Сексеуіл кентінде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Сексеуілдік ағайынның игілігіне бағытталған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов арнайы қатысып, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің бағасын бағамдап қайтты.

Айта кету керек, жәрмеңкеге аудан орталығы мен ауданның қыр беткейіндегі 12 елді мекеннен 1 тонна ет, 200 литр шұбат,
8 тонна көкөніс, 1 тонна балық және жергілікті жерде балық өңдеумен айналысып отырған «Қарашалаң СДО» ЖШС-нің
3 тоннаға жуық балық өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15 пайыз төмен бағада ұсынылды.

Бұдан бөлек жәрмеңке аясында көршілес Қазалы және Ырғыз аудандарынан мал азығына қажетті пішен және қара шөп жеткізіліп, кент шаруаларына қол жетімді бағада саудаланды.
Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


"Толқын" ақпарат
10 қазан 2021 ж. 470 0