Жәрмеңкеде ұсынылған өнімдер 2 сағат ішінде саудаланды

Арал қаласының Шанхай бетіндегі темір жол көпірінің тұсында өткізілген мал азығы сатылымы аясында ауданға қарасты кент, ауылдық округтерден жеткізілген ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.
Ауданымызда орын алған қуаңшылық жағдайына сәйкес жергілікті тұрғындарды мал азығымен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шараға көршілес Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандары және жергілікті Жаңақұрылыс, Бөген ауылдық округтерінің шаруашылық құрылымдары мал азығына қажетті жем-шөп өнімдерін ұсынды.
Атап айтқанда, Жалағаш ауданынан 3 жүк тасығыш автокөлігіне тиелген 52,5 тонна пішен пресс Арал қаласы және Аралқұм ауылдық округіне жеткізілсе, Сырдария ауданынан жеткізілген 30 тонна пішен пресс Қамыстыбас ауылдық округінің шаруаларына саудаланды. Ал, Қармақшы ауданынан 2 жүк тасығыш көлікпен әкелінген 25 тонна пішен пресс ауданға қарасты Аққұм ауылдық округінің тұрғындарына ұсынылды. Жем-шөп сатылымы барысында пішен шөптің 1 пресі 600-700 теңге аралығында саудаланды. Мал бағып отырған шарулар бағаның тиімділігін ескере келге өздеріне қажетті жем-шөпті небары 2 сағат ішінде сатып алды.
