Жәрмеңке тұрғындардың көңілінен шықты

Аудан жұртшылығының игілігіне бағытталған шараға ауданымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы да арнайы молшылық шарасында саудаланған жем-шөп бағасын бағамдап, аудан өнімдерінің жәрмеңкесіне куә болды.
Жәрмеңкеде Қызылорда қаласынан, Жаңақорған, Шиелі және көршілес Ырғыз аудандарының шаруашылық құрылымдары мал азығына қажетті жем-шөп көлемін тікелей өз бағасында ұсынып, қолжетімді бағада саудалады.
Ал, ауданға қарасты Аққұм, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Сазды, Ақирек ауылдық округтері ет, сүт және бау-бақша (қауын, қарбыз) өнімдерін нарық бағасынан 10-15 пайыз төмендетілген бағамен босатты.
Айта кету керек, бүгінгі шарада Қызылорда қаласынан 12,5 тонна пішен пресс, 5 тонна жем, 5 тонна бидай, Жаңақорған ауданынан 140 тонна пішен пресс және Шиелі ауданынан 85 тонна табиғи шөп және 3 тонна күріш кебегі (жемі) жеткізілді.


