Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан депутаттары шөп тасымалына қолдау білдіреді

Аудан депутаттары шөп тасымалына қолдау білдіреді

Ауданымыздағы қуаңшылық жағдайына сәйкес мал азығын дайындау бағытында көршілес аудандармен арнайы меморандум жасалып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Осы орайда ауданға қарасты Жаңақұрылыс ауылдық округінің бір топ еріктілері көршілес Қармақшы ауданы, Жаңажол елді мекенінің шабындық жерлерінде мал азығына қажетті шөп шабу жұмыстарына кіріскен болатын. Осы кезге дейін 5000 бау шөп шапқан еріктілер қауымы бүгін жиналған шөптің 3500 бауын ауылға тасымалдап үлгерді.

Шөп тасымалына қажетті шығындарды өтеуге аудандық мәслихат депутатары қолдау білдіріп, қуаңшылық жағдайындағы шаруаларға көмек қолын созды.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

31 шілде 2021 ж. 573 0