Аралдықтар көршілес Қазалы ауданынан шөп тасымалдауда

Нақтырақ айтқанда "Сыр Маржаны" ЖШС-нің төрағасы Мінәжадин Өтеев өздеріне қарасты Көларық ауылдық округінде орналасқан 10 гектар күріш алқаптарынан пішен шөбін оруға көмек қолын созғанды.
Берілген көмекке сәйкес ауданға қарасты Ақирек ауылдық округінен мал шаруашылығымен айналысып отырған 5 отбасы шөп ору жұмыстарына аттанып, бүгінде шауып алған 2000 бау пішен шөбін тасымалдауға кірісті.
Қазір аталған алқапта шөп ору жұмыстарына тағы 3 отбасы қалып, қажетті мал азығын дайындауға жұмыс жасауда.


