Аудан әкімі шабындық алқабында болды

Белсенді жастардың Жетес би ауылдық округінен басталған игілікті бастамасы Қаратерең ауылдық округінде жалғасты. Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов шабындық алқабына барып, қызу жүріп жатқан шөп шабу жұмыстарына үлесін қосып, ерікті жастармен бірге пішен орды. Жем-шөп тапшылығын болдырмау үшін қолдарына орақ алып, шөп шауып жатқан жалынды жастардың жұмысына сәттілік тіледі.
Бұдан бөлек, 12 елді мекенде жасақталған еріктілер тобы бірлескен түрде аудан аумағындағы және көршілес аудандардағы шабындық жерлерден шөп шабуға атсалысуда. Шабылған шөптер мал азығын қажет ететін шаруаларға жеткізілетін болады.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі