ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бахтиярұлы ауданымызда болды

Кездесу барысында М.Бахтиярұлы Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысын таныстырып өтті. Сонымен қатар ауданымыздағы қуаңшылық мәселесіне мән бере отырып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың аяқ алысын тыңдады. Бұл жөнінде аудан әкімі Серік Сермағамбетов сөз алып, қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың түйінін тарқатты. Сондай-ақ, алдағы жүргізілетін жұмыстардың бағыт-бағдарына тоқталды.
Ауданның тыныс-тіршілігіне қаныққан М.Бахтиярұлы осындай қиын кезеңде ауданға басшылық қызметке келген аудан әкіміне оң бағасын беріп, қызметіне сәттілік тіледі. Сонымен қатар осы кезеңдегі аудан үшін өзекті мәселелерді шешуге атсалысатындығын жеткізді.



Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі