Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Г.Г. ШИПОВСКИХ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ Г.Г. ШИПОВСКИХ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Г. Шиповских ауданға арнайы жұмыс сапарымен келді. Мәжіліс депутатының қатысуымен экологиялық мәселелер жөнінде дөңгелек үстел өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Мерей Мейірбеков жүргізді.Жиынның мақсаты Парламентте атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде елді хабардар ету.
Мәжіліс депутаты ақпан айында Парламент қабырғасында «Арал өңірінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерін заңнамалық реттеу» тақырыбында өтетін дөңгелек үстелге қатысты материалдар жинақтау мақсатында қатысушылардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. 
Жиын барысында алдымен қаладағы сор көлдер мәселесі талқыланып, сексеуіл көшеттерін отырғызу, қалдық суларды тазартуға арналған сүзгі алаңын салу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Сонымен қатар, ауданға қарасты елді мекендерде орын алып отырған құм көшкіні және оның алдын алу туралы кеңінен қозғалып, қатысушылар ой-пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда санитарлық тазалықты сақтау маңызды екендігі айтылды. 
Өңірдегі өзекті мәселелерді көзбен көріп, кездесу барысында айтылған әрбір пікірдің маңызды екендігін айтып, депутаттарға ұсынатындығын жеткізді.
Дөңгелек үстелге аудан ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары және экология мәселелеріне қатысты деген мекеме, кәсіпорын басшылары, үкіметтік емес ұйымның, БАҚ-ның өкілдері қатысты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г. Г. Шиповских Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз» АҚ және Сексеуіл кентіндегі спорттық сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ, құм көшкіні орын алатын Шижаға ауылында болып, тұрғындармен пікір алмасты.



19 қаңтар 2019 ж. 1 138 0