Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары   Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Қайыпұлы жұмыс сапарымен ауданға келіп, бірнеше  нысанды аралады.
Халық қалаулылары алдымен салынып жатқан 27 тұрғын үйдің  және орталық аурухананың құрылыс алаңында болды. Одан кейін «Аралтұз» АҚ-ның тұз өңдеу цехтарының және өңделген тұз салынатын   тубус қорапшаларын жасау, брикеттелген тұз шығару жұмыстарымен танысты.
Сенат депутаттары  аудан активімен кездесіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасынан» туындайтын тапсырмалар және еліміздің әлеуметтік экономикалық өрлеуін көздейтін стратегиялық бағдарламаларды іске асырудың заңнамалық негіздері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынды аудан әкімі М. Оразбаев жүргізді. Алдымен сөз алған Бекмырза Қайыпұлы кеден,салық, сайлау және жер кодекстері мен қауіпсіздік кеңесіне медициналық сақтандыру жүйесі, білім саласына енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Жиында сөз алған  Мұрат Бақтиярұлы экономиканы жақсарту үшін жұмысшы күшін даярлау қажет екендігіне тоқталып, жанар-жағармай, көмір, салық жүйесі мұнай өндірісі және Арал теңізінің жағдайы секілді өзекті мәселелерді қозғады. Сонымен қатар, Қызылорда облысындағы уақыт белдеуі мәселесі Үкімет басшысының назарына ұсынылғандығын жеткізді.
Жиын барысында аудан ақсақалдары Ә. Садықбаев және Ә. Әйімбетов сөз сөйлеп, аудандағы бірнеше өзекті мәселелерді депутаттар назарына ұсынды.

24 тамыз 2018 ж. 1 118 0