АРАЛ АУДАНЫНДА ІТ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Баршаға мәлім, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы.Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында күні кеше аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын орындау мақсатында ІТ мамандарымен кездесу жиыны өткізілді.
Арнайы басқосуға аудандық дербес бөлімдер және қала, кент, ауылдық округ әкімдері және дербес бөлімдердің басшылары, денсаулық сақтау мен ішкі істер бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан аудан басшысы Елбасының елімізде перспективалы салаларды дамыту керектігін және цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді міндеттеп отырғандығын, осыған орай, алдағы уақытта ауданның біршама салаларын цифрлық технологияға міндетті түрде көшір қажеттілігі туындап отырғанын тілге тиек етті.
Осы орайда, аудан әкімдігі тарапынан «Қызылорда Транстелеком» акционерлік қоғамына ұсыныстар беріліп, соған сәйкес арнайы кездесу ұйымдастырылып, кездесуге «Транстелеком» акционерлік қоғамының коммерциялық директоры Ж.Ақмырзаев, ІТ сату қызметінің басшысы С.Текебаев, ІТ сату саласының бас менеджері Е.Шеген, ІТ сату жөніндегі инженері С.Қалиевалар арнайы қатысты.
Кездесу барысында «Транстелеком» қызметкерлері ауданға қажет деген өздерінің ІТ жобаларын ұсынды. Соның ішінде, ақылды бейнебақылаулар орнату жөніндегі ұсыныс бойынша ІТ мамандар «Кипот» (камера) жобасының тиімділігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қызметтік бағытта «Скут система» арқылы кадрлық әлеуетті қалыптастыру үшін смарт турникетімен смарт карта арқылы қызметкерлердің ғиамаратқа кіруі мен жұмыс орнына орналасуын автоматты түрде бақылау жүйесі жөнінде және ауданнан «Смарт» мектептерін ашуға байланысты жобаларын талдап өтті.