Елдегі жағдай жіті назарда

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Төрахметов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы А.Жоланов және аудандық мәслихаттың депутаты Б.Ұзақов ауданға қарасты Бекбауыл, Райым, Жетес би, Аманөткел ауылдық округтерінде болып, қуаңшылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауыл халқымен кездесу барысын да халық қалаулылары бүгінге дейін мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатында ауданға жеткізілген демеушілік көмектер қиындықтың еңсеруге бағытталғанын айтты. Алайда бұл көмектердің де шегі бар. Демек әр тұрғын Үкіметке иек арта бермей, қорадағы малына қажетті азықты ертерек сатып алуға қамдану керек. Осы орайда шаруалар өздері қалаған аймақтан мал азығын сатып алуға келісім жасайтын болса, төтенше жағдайға сәйкес қаралған қаржы есебінен шөптің немесе жемнің жеткізілу шығындары, яғни жанаржағармайын өтеуге көмек берілетіндігі жайлы кеңінен түсіндіріп өтті.
Одан әрі Аманөткел ауылдық округіндегі «Бұрмақұлақ» учаскесінде болып, «Аспай» суағытқысын жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қуаңшылықтың алдын алуда қолға алынып жатқан бұл жұмыстардың да маңызы зор. Себебі Сыр беткейіндегі жайылымдық жерлерді суландыру арқылы алдағы уақытта қуаң шылықтың алдын алу керек. Бұл – маңыз ды бастама.
«Толқын» ақпарат
«Толқын» ақпарат