Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесті

Аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері Мадинов Дәуренбек пен Асанбаев Арғынбай Сапақ, Аралқұм, Қамыстыбас, Ақирек ауылдық округтеріне барып, ауыл халқымен кездесті.
Кездесу барысында биылғы қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында қолға алынған жұмыстар мен қабылданған шаралар жайын тұрғындармен пысықтап, қазіргі таңда нақты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен жүзеге асырылуы қажет деген шараларды айтып өтті.

Соның ішінде қиындыққа тап болған шаруаларға төтенше жағдай аясында тиісті көмектер жасалатындығын жеткізді. Бұдан бөлек, ауданымызға Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржы бойынша тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларды мал азығымен қамту бағытында да жұмыстардың басталып кеткендігін айтып, бұл жұмыстар әлде де жалғасын табатыны жайлы айтты.

Б.Өтемұратов қорынан жем жеткізіліп, алғашқы кезекте мұқтаж отбасыларға тиісті көмектер жасалып жатқандығын жеткізді. Тұрғындарға бастысы ахуалға сабырмен қарап, халық арасындағы ауызбіршілікті сақтап, ел болып бұл қиындықты еңсеруге жұмылу қажет екендігін атап өтті.

"Толқын" ақпарат

07 тамыз 2021 ж. 416 0