Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулылары жергілікті тұрғындармен жүздесті

Халық қалаулылары жергілікті тұрғындармен жүздесті

Өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына сәйкес бүгінде аудан шаруаларын жем-шөппен қамту, қуаңшылық салдарын еңсеру бағытында қажетті шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылуда.

Соған сәйкес аудандық мәслихат және қоғамдық кеңес өкілдері ауданға қарасты елді мекендерді аралап, жергілікті жұртшылықпен қазіргі ахуалды бағамдап, қажетті мәселелерге мән беріп, атқарылып жатқан жұмыстар жайында ой бөлісті.
Осы орайда аудандық мәслихат хатшысы Базарбай Төрахметов, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алдаберген Жоланов және аудандық мәслихаттың депутаты Батыржан Ұзақов ауданға қарасты Бекбауыл, Райым, Жетес би, Аманөткел ауылдық округтерінде болып, қуаңшылық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ауыл халқымен кездесу барысында бүгінге дейін ауданымызға жеткізілген демеушілік көмектер мал азығының бағасын тұрақтандыру мақсатында әрі қиындықтың алғы шарттарын еңсеруге бағытталғанын, алайда бұл көмектердің де шегі бар екендігін айтып, қорадағы малға қажетті азықты ертерек сатып алуға қамдану керектігін жеткізді. Осы орйда шаруалар өздері қалаған аймақтан мал азығын сатып алуға келісім жасайтын болса, төтенше жағдайға сәйкес қаралған қаржы есебінен шөптің немесе жемнің жеткізілу шығындары, яғни, жанар-жағармайын өтеуге көмек берілетіндігі жайлы кеңінен түсіндіріп өтті.

Одан әрі Аманөткел ауылдық округіндегі Бұрмақұлақ учаскесінде болып, «Аспай» суағытқысын жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.





Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

11 тамыз 2021 ж. 341 0