Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал өнімдері Байқоңыр төрінде

Арал өнімдері Байқоңыр төрінде

Жәрмеңке - күз мезгілінің сәнін аша түсетін дәстүрлі шаралардың бірі екені даусыз.

Өткен аптада қызылордалықтарға арналған Арал ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бүгін Байқоңыр қаласында ұйымдастырылды.

Айдынды өлкеден арнайы 10 автокөлікпен жеткізілген 2 тонна ет, 600 литр сүт, 3,5 тонна көкөніс және 7 тонна балық және балық өнімдері байқоңырлықтарға нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды.

Жәрмеңкеде жергілікті балық өңдеумен айналысып отырған "Қуаныш" ЖШС-нің балық өнімдеріне деген сұраныс жоғары болды.

Аталмыш шараның тиімділігін тілге тиек еткен Байқоңыр тұрғындары өткізіліп жатқан жәрмеңкеде ризашылықтарын жеткізіп, ел игілігіне бағытталған осындай шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін білдірді.


Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі
09 қазан 2021 ж. 682 0