Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке: Арал өнімдері қызылордалықтарға тиімді бағада ұсынылды

Жәрмеңке: Арал өнімдері қызылордалықтарға тиімді бағада ұсынылды

Жылдағы дәстүр бойынша бүгін облыс орталығы - Қызылорда қаласында Арал ауданының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.

Аймақ төріндегі күзгі молшылық шарасына ауданнан 650 литр шұбат, 12 тонна балық және балық өнімдері, 6,5 тонна ет, 25 тонна көкөніс, 5 тонна ас тұзы және 100 бас қой мен ешкі жеткізіліп, нарық бағасынан 15 пайыз төмендетілген бағада саудалануда.

Атап өту қажет, ауданның балық өңдейтін кәсіпорындарынан жеткізілген мұздатылған балық түрлері: тістінің жон еті, сазан, мөңке, жайын, карась, тыран, тістінің алқымы, балық фарш және ысталған тыран тағы басқа өнімдер қызу сұраныспен саудаланды.

С. Торайғыров көшесі, "Шұғыла" балабақшасының алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеде қала тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген өнімдерін қажетінше алып, ризашылықтарын жеткізуде.



Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

02 қазан 2021 ж. 392 0