Арал балығы Нұр-Сұлтан тұрғындарына ұсынылуда
Жылдағы дәстүр бойынша бүгін ел астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.Елорда төріндегі күзгі молшылық шарасына ауданнан 14 тонна балық және балық өнімдері жеткізіліп, тиімді бағада саудалануда.
Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары өздері асыға күтетін теңізді өлкеден жеткізілген балық өнімдерін алып, ризашылықтарын жеткізуде.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





		
		



