ЖӘРМЕҢКЕ: СЕКСЕУІЛДІКТЕР МОЛШЫЛЫҚ ШАРАСЫНАН РИЗАШЫЛЫҚПЕН ТАРҚАСТЫ

Сонымен қатар жәрмеңке төрінде көршілес Қазалы өңіріндегі «РЗА» ЖШС-гі тарапынан 1,5 тонна сүт және сүт өнімдері, Сырдария ауданынан «Ақ маржан», «Элита», «Лидер» маркалы 3 тонна ақ күріш және 3 тонна малға қажетті жем кент тұрғындарына арзандатылған бағада ұсынылды.
Бұдан бөлек, аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер тарапынан жеткізілген жеміс-жидек, көкөніс, азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмендетілген бағада саудаланды.
Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі