Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке өткізілді

Жәрмеңке өткізілді

Бүгін аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өткізілді.

Аудан әкімдігінің қолдауымен өткізіліп келе жатқан молшылық шарасына аудан әкімі Серік Сермағамбетов арнайы қатысып, жәрмеңкеде ұсынылған өнімдердің бағасын бағамдап өтті.
Айта кету керек, жәрмеңкеда ауданға қарасты Атанши, Қарақұм, Ақирек ауылдық округтерінен сиыр және түйе еті, Аманөткел ауылдық округінен балық, Ақбай ауылынан қауын-қарбыз және аудан кәсіпкерлері тарапынан көкөніс, жеміс-жидек өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылды.

Бұдан бөлек жәрмеңке аясында көршілес Жалағаш ауданынан мал азығына қажетті 2000 прес пішен шөп жеткізіліп, қол жетімді бағада саудаланды.

Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.



"Толқын" ақпарат
16 қазан 2021 ж. 585 0