Қалада жәрмеңке өткізілді

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов жәрмеңкеге шығарылған ауылшаруашылығы өнімдері мен жем-шөп сатылымын аралап көрген соң баға тұрақтылығын сақтау мен мал ұстап отырған халыққа алдағы қыстан аман-есен шығуға жағдай жасау үшін осындай шараларды өткізудің маңызды екендігіне тоқталды.
Жәрмеңкеде Қармақшы ауданынан 76 тонна пішен және жоңышқа, Жалағаш ауданынан 64 тонна пішен, Сырдария ауданынан 48 тонна пішен пресс жеткізіліп қолжетімді бағада саудаланды.
Сонымен қатар Ақирек, Бөген, Аманөткел, Қосаман, Жаңақұрылыс ауылдық округтерінің бау-бақша дақылдары мен ет, сүт және балық өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмендетілген бағамен босатылды.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі