Наурыз мерекесінде жәрмеңке ұйымдастырылды
Тұрғындар игілігіне бағытталған шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов арнайы қатысып, сөреге қойылған өнімдердің көріп, бағасын бақылап өтті.
Жәрмеңкеде ауданға қарасты ауылдық округтерден жеткізілген 2 тонна жылқы,сиыр, түйе еті, 120 литр шұбат пен құрт, ірімшік, және өңірдегі кәсіпорындардың 12 тонна балық және балық өнімдері тұрғындарға ұсынылды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлердің жеміс-жидектер мен картоп, жуа, сәбіз сынды көкөніс өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылымда болды.
Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы екендігін айтып,ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.


