Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар қайта арзандап жатыр

Доллар қайта арзандап жатыр

Қазақстанда сауда-саттықта доллар бағамы қайта төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы 447,14 теңге болып, 5,6 теңгеге арзандады.

Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы - 453,65 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

сатып алу - 446,61 теңге;
сату - 448,53 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

сатып алу - 445,00 теңге;
сату - 452,00 теңге.
Айта кетейік, қазанның басында KASE-де доллар бағамы күрт көтерілді. 2 қазанда орташа сараланған бағам 447,73 теңге болса, сауда сессиясы кезінде ол 5,47 теңгеге қымбаттады. Ал 5 қазанда доллар тағы 6,62 теңгеге көтеріліп, 454,98 теңгеге жетті.

Бұған дейін сарапшылар доллар қымбаттауын ең алдымен әлемдік нарықтағы америкалық валюта нығаюына байланысты деп түсіндірді.

massaget.kz
08 қазан 2026 ж. 81 0