Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда доллар бағамы құбылып тұр

Қазақстанда доллар бағамы құбылып тұр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 465- 470 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 465 – 467 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 466– 470 теңге аралығында құбылып тұр.
1 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,43 теңгеге арзандап, 465, 80 теңге болған.
Ұлттық банктің 2 қарашадағы ресми бағамы  1 долларға 466, 22 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 7,61 теңге болды.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,13 – 7, 33 теңге аралығында саудаланып жатыр.
02 қараша 2022 ж. 420 0