Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Айырбастау пункттері долларды 429 теңгеден сатуда

Айырбастау пункттері долларды 429 теңгеден сатуда

Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағамы 429 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте айырбастау пунктері долларды 424 теңгеден сатып алып жатыр.
Ал Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 405,46 теңгені құрады.
Kurs.kz сайтының мәліметтері бойынша, елордадағы айырбас орындарында долларды сатудың орташа бағамы 422 теңгені, ал Алматыда 426,87 теңгені құрады. Тиісінше, еуро орташа есептегенде 465,08 теңге және 471,54 теңгеден сатылып жатыр.
16 наурыз 2020 ж. 537 0