Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ағзаңыз жасарады": 27 жыл ауыз бекіткен дәрігер ораза ұстаудың пайдасы туралы айтты

"Ағзаңыз жасарады": 27 жыл ауыз бекіткен дәрігер ораза ұстаудың пайдасы туралы айтты

Дәрігер-терапевт Марат Сәрсенбаевтың айтуынша, ораза ұстаған адамның ағзасы бір айда толығымен тазарып шығады
НҰРСҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik, Дәурен Ерболат. Дәрігер Марат Сәрсенбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында ораза ұстау адам денесін артық май мен зиянды заттардан арылтып, ағзаның жасаруына септігін тигізетінін айтты.
Маманның пікіріне сүйенсек, ауыз бекіту асқорыту жүйесін жақсартып, қартаю процесін тежейді.
"Ораза адамның организмін тазалайды. Адам қарны ашқан кезде әлсіз жасушалар өздігінен жойылып, аштыққа қарсы тұру үшін адамның ішкі организмдері белсенді жұмыс істейді. Нәтижесінде ағза артық майлардан, шлактардан арылады. Сондықтан ораза ұстаған адамның организмі бір айда толығымен тазарып шығады. Бұл адам ағзасындағы жасушыларды жаңартып, ас қорыту жүйесін жақсартады", - дейді Марат Сәрсенбаев.
Сұқбат барысында дәрігер жапониялық ғалым Есинори Осуми ашығудың адам организіміне пайдалы екенін дәлелдеп, Нобель сыйлығынан алғанын мысалға келтірді. Оның айтуынша, ашығу көптеген аурудың алдын алуға септігін тигізеді.
"Мен қант диабетімен ауырамын. Дәрігерлер бұл диагнозды осыдан 8 жыл бұрын қойды. Инсулин қабылдамаймын. Бірақ дәрігердің бақылауындамын. Соған қарамастан ораза ұстап жүрмін. Бүгінде ағзамдағы қанттың мөлшері қалыпты нормада. Ауыз бекіткеніме 27 жыл болды", - дейді маман.
Марат Сәрсенбаев еске алғандай, алғашқы жылдары ауыз бекіткенде біраз қиналып, бірақ кейін организмі үйренген екен. Дәрігер Оразаны арықтау немесе денсаулығын жақсарту үшін емес, мұсылманның парызы болған соң ұстап жүргенін атап өтті.
https://sputniknews.kz
17 мамыр 2019 ж. 1 037 0