Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқығаны абзал.

Айт мерекесі күндері ораза ұстауға болмайды. Өйткені айтта дүйім жұрт көңіл көтеруі керек.
Әрине, айт күндері де шариғатқа қайшы істерден аулақ болғанымыз жөн. Айт күнінің өзіне тән жарасымды да, сауапты амалдары мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Ораза айт пен Құрбан айтта ауыз бекітуге тыйым салған. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез клеген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады.
Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол ораза айт, Құрбан Айт деп аталады. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін шәууал айының 1-3 күндері өтеді. Ораза аяқталған соң мұсылман қауымы таңертең мешітте айт намазын оқығаны абзал.
Ораза айын рамазан айы деп те айтады. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке апарып береді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар Алла тағаланың сөзін осы рамазан айында естіген.

stan.kz
14 маусым 2018 ж. 7 225 0