Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.Биылғы Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төралқа мәжілісі мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері — 300 теңге болып бекітілді. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. 
Пітірсадақаның мөлшері әр облыстағы бидайдың бағасы ескеріліп, ортақ мөлшермен бекітіледі.
Пітір садақаны құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.
Егер пітір садақаны бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ. Ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
ҚМДБ бекіткен 2018 жылғы діни күндер күнтізбесіне сүйенсек, осы жылы Рамазан айы мамырдың он алтысына сәйкес келіп тұр. Ал 14 маусымда Оразаның соңғы күні. Маусымның 9-нан 10-на қараған түні — Қадір түні.
Ораза айт 15 маусымда, ал Құрбан айт 21 тамызда басталады.
sputniknews.kz


01 мамыр 2018 ж. 3 549 0