Конституция – ел болашағының стратегиялық бағдары
Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын негізгі заң. Сонымен қатар ол ел дамуының басым бағыттарын түсінуге, қоғамның ұзақ мерзімді мақсаттарын айқындауға негіз болады.Қазіргі кезеңде адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды қолдау, инновацияларды енгізу және халықтың әл-ауқатын арттыру ерекше маңызға ие. Бұл бағыттар мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, болашақ ұрпаққа жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.
Елдің өркендеуі білімді азаматтарға, еңбекқорлыққа, жаңашылдыққа және ортақ мақсат жолындағы жауапкершілікке байланысты.
Конституциялық құндылықтарды түсіну әр азаматтың ел болашағына деген көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
Конституция – бүгінгі қоғамның құқықтық негізі және болашаққа бағытталған дамудың маңызды бағдары.
ҒАЛЫМБЕК МЫРЗАХАНҰЛЫ
Аманөткел ауылдық округінің бас маманы










