Мемлекеттік көмек шын мұқтаж азаматтарға берілуге тиіс
Фото: Н. НұржаубайМемлекет басшысы әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға бағыттау қажеттігін атап өтті.
Президенттің айтуынша, әлеуметтік саладағы реформалар мұқият зерттеліп, халықтың жағдайы ескеріле отырып жүзеге асырылуы керек. Сондай-ақ әлеуметтік көмектің жаңа тәсілдері мен ақпараттық жүйелердің жұмысы алдын ала тексеріліп, тиімділігі дәлелденгеннен кейін ғана кеңінен қолданылуы қажет.
Мемлекет басшысы әлеуметтік саясаттың басты мақсаты азаматтарды төлемдерге тәуелді ету емес, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыру екенін айтты.
Сонымен қатар адам капиталының сапасын жақсарту және өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.









