Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Журналистер арасында байқау жарияланды

Журналистер арасында байқау жарияланды

Журналистер арасында қаржы тақырыбына арналған республикалық байқау жарияланды.

2019 жылдың 15 мамырынан бастап «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының «Халық банкі» АҚ қаржылай қолдауымен өткізетін «ЕРКІН СӨЗ»-2019 шығармашылық байқауына материалдар қабылдау басталды. 

Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері отандық қаржы саласы, банк жүйесі мен қаржылық құрылымдар, несие түрлері, банк өнімдері, қаржылық сауаттылық т.б. қаржы мен банктерге қатысты материалдарын 2019 жылдың 05 тамызына дейін тапсыруы шарт. 

«Үздік мақала», «Сайттағы үздік мақала», «Үздік телесюжет» атты үш номинация бойынша ұйымдастырылатын байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңгеге жуық.  Бас жүлде – 700 000 теңге, І орын – 300 000 теңге, ІІ орын – 200 000 теңге, ІІІ орын – 100 000 теңге. 

Жеңімпаз журналистерге марапаттау салтанатында қаржылай сыйақымен қатар заттай сыйлықтар табысталады.
18 мамыр 2019 ж. 797 0