5547 әскери бөлімінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады
14 қараша күні еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетуге сапқа тұрған 2-2026 жылғы шақырылымның 210-нан астам жас сарбазы туған жерге адал болуға ант етіп, салтанатты түрде Әскери ант қабылдады!
Бұл күн — әрбір жас жігіттің өміріндегі ерекше белес, ерлік пен жауапкершіліктің алғашқы қадамы. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген боздақтар ата-аналарының, әскери бөлім басшылығының және ардагерлердің көз алдында ата-баба аманатына адал болып, Отанды қорғауға салтанатты түрде уәде берді.
Салтанатты шара барысында ардагерлер мен құрметті қонақтар жас сарбаздарға жүрекжарды құттықтауларын жолдап, ел сенімін ақтауға шақырды. Сондай-ақ, шараға қатысқан ата-аналар балаларының алғашқы әскери ант қабылдау сәтіне куә болып, өздерінің ақжарма тілектері мен алғыстарын білдірді.
Ресми бөлімнен кейін командирлер мен жауапты офицерлер ата-аналармен жеке кездесіп, әскери бөлімдегі қызмет ерекшеліктері, сарбаздардың тыныс-тіршілігі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын соңында қауіпсіздік шараларын сақтау және әскери тәртіпті нығайту бағытында маңызды ақпараттар беріліп, жеке құрам салтанатты маршпен сап түзеп жүріп өтті.
Айбынды сарбаздарымыздың қадамдары нық, әскери жолдары ашық болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!












