Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатудың оңайлатылған тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 «Салық төлеушілердің таратылуы, қайта ұйымдастырылуы және қызметін тоқтатуы кезінде салықтық міндеттемені орындаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы қабылданды.
Қызметтітоқтатудыңоңайлатылғантәртібінкімқолданаалады?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 74-бабының 6-тармағына сәйкес қызметті тоқтату кезінде салықтық міндетте мені орындаудың оңайлатылған тәртібі көзделген.
Осы тәртіпті бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлер қолдана алады:
✅қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
✅бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметін жүзеге асырмайтын;
✅оңайлатылған тәртіпте қызметті тоқтатуға жол берілмейтін жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын;
✅салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
✅тарату салық есептілігінен бұрынғы салық кезеңі үшін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаған;
✅орындалмаған хабарламалары, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалары жоқ;
✅ашық банк шоттары жоқ.
Қандай құжаттарды ұсыну қажет?
Қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату үшін жеке кәсіпкер Салық төлеушінің кабинеті арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
Пікір қалдыру










