Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Менде грузчик болғанмын»: Сапарбаев жұмыссыз жүрген жастарға ақылын айтты

«Менде грузчик болғанмын»: Сапарбаев жұмыссыз жүрген жастарға ақылын айтты

Мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Жастар жылында» қазақстандық жастарға қандай жағдайлар жасалатынын айтып берді. Кезінде өзі де отбасын асырау үшін жүк тасушы болып, нәпақасын тапқан министр жұмыссыз жүрген жастарға өз ақылын айтты

Қазақстанда халықты, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламар да, қаржы да жеткілікті. Сапарбаевтың айтуынша, ең үлкен мәселенің біреуі жастардың мамандықты дұрыс пайдаланбауында. Екінші мәселе – жастардың мамандығының сапасында. Министр сөз арасында «дипломмен ауылға» бағдарламасының жастарға арнаған жақсы бағдарлама екенін айтып кетті. Алайда, ол жастардың ауылға барғысы келмейтінін, мүмкіндікті пайдаланғылары келмейтініне қынжылады.
«Бірақ, бізде жастардың кейбірі ауылға барғысы келмейді. Мүмкін кейбір жерлерде оларға жағдай жасалмайтын шығар. Бұл жерде әрине, жергілікті билік жұмыс жасауы керек. Ауылға жас маман келгеннен кейін, міндетті түрде оның басында пәтер және тұрақты жұмысы болуы керек. Сондықтан менің ойымша, қазір жұмыс істеймін деген жастарға мүмкіндік бар»,- дейді Сапарбаев.
Яғни, жастар сол мүмкіндікті пайдалануы керек. Сапарбаев сондай-ақ, жалақысы аз деп еңбектенбей, жұмыссыз жүргендерге аздан бастап болсын өз табыс табуға үгіттеді. Өйткені, бәрі аздан басталады дейді ол.
«Егер сен жақсы жұмыс істесең, бүгін 50 теңге алсаң, ертең 60 мың аласың. Бәрімізде жас болдық, бәріміз солай бастадық қой. Ешкім бірден бастық болған жоқ. Бірден 200-300 мың жалақы алған жоқ. Менде грузчик болдым. Өйткені, маған жанұямды асырау керек болды», - дейді мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі биылғы жастар жылында әсіресе, белсенді жастарға егер, ол студент болса қыркүйектен бастап қосымша шәкіртақы төленетінін айтты. Бұдан бөлек, «жаста тап» деген бағдарлама барын да атап кетті. Соған сәйкес, жастарға қосымша грант беріледі екен. Яғни, жастарды қолдау үшін 500 мың теңгеге дейін, пайыссыз, қайтарымсыз грант беріледі. Сондай-ақ, жастар жылына орай биылғы жылдан бастап, жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарына да қосымда грант бөлінді, дейді Сапарбаев.
http://stan.kz
20 мамыр 2019 ж. 917 0