Жас мамандарға берілген мүмкіндік

«Дипломмен – ауылға!» жобасы шеңберінде ауданымызда да ауқымды істер атқарылып, елді мекендердегі жұмыс күші жас мамандармен толықты. Нақтырақ айта кетер болсақ, жоба іске қосылған уақыттан бері Арал ауданы бойынша ... жас мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды.
Ал, өткен жылдың өзінде аталмыш бағдарлама аясында 33 жас маман қызметке қабылданды. Бағдарлама аясында көрсетілетін жеңілдіктердің жемісін көрген 30 жас 1 жолғы жәрдемақыға ие болса, 3-еуі тұрғын үй көмегін алды.
Жоба шеңберінде ауылда жұмыс жасауға ниетті жастардың қатары әлі де еселенері анық. Мемлекет тарапынан жасалған қолдауға қол жететін жастарға биылдан бастап жаңа мүмкіндіктер туып отыр. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылуында: «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында инфрақұрылымды дамытып, жергілікті жерлердің кадрлық әлеуетін күшейту керек. Осыған орай «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына енгізілетін мамандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынамын. Көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөлшерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырған жөн. Сондай-ақ жастарды ауыл шаруашылығымен айналысуға қызықтыра білу қажет. Дамыған елдерде бұл бағыт жоғары өнімді әрі инновациялық салалардың бірі саналады» деген сөзі айқын дәлел.
Ұлт көшбасшысының жалынды сөздерінен жігер алған жастардың қызығушылығы оянып, ауылға ат басын бұруға дайын. Оған үстіміздегі жылы «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы жұмыс жасағысы келетін ... жас құжаттарын дайындап жатыр.
Жастарды қолдау – ел болашағын қолдау. Жоба аясында әлі де жүздеген жастарымыз жұмыспен қамтылып, елді мекендерге жаңалықтар мен тың серпіліс алып келетініне сенеміз.
Оңталап ЖОЛДАСОВ.