Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АРАЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША АРАЛ АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

2018-2020 жылдар аймағымызда жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланды. Атаулы жыл аясында Арал ауданы кәсіпкерлік саласының көрсеткіші бойынша республикадағы 290-ға жуық аудандар ішінен 7 орынды иеленді.Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлім етті. «2018 жылы аудандағы шағын және орта бизнес субъектілері 4237 бірлікті құрап, 5292 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша 952,2 млн.теңгенің 12 жобасы субсидияланды. Құны 126,5 млн теңгені құрайтын 7 жоба кепілдендіру арқылы іске асырылды. Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 18,4 млн теңгенің 23 жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды», - деді аудан әкімі М. Оразбаев.
Аудан бойынша «Бизнес Бастау» жобасында 240 адам, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 135 адам оқытылды.
Жыл көлемінде қаржы институттары арқылы аудан кәсіпкерлеріне 1,6 млрд теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 109,3 пайызға өскен.
06 ақпан 2019 ж. 1 222 0