Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы кәсіпкерлік саласында 7 орында

Арал ауданы кәсіпкерлік саласында 7 орында

2018-2020 жылдар Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланғаны белгілі. Атаулы жыл аясында Арал ауданы кәсіпкерлік саласының көрсеткіші бойынша республикадағы 290-ға жуық аудандар ішінен 7 орынды иеленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев мәлім етті.
«2018 жылы аудандағы шағын және орта бизнес субъектілері 4237 бірлікті құрап, 5292 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша 952,2 млн.теңгенің 12 жобасы субсидияланды. Құны 126,5 млн теңгені құрайтын 7 жоба кепілдендіру арқылы іске асырылды. Гранттық қаржыландыру бағыты бойынша 18,4 млн теңгенің 23 жобасы қайтарымсыз грантқа ие болды», - деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Аудан бойынша «Бизнес Бастау» жобасында 240 адам, «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша 135 адам оқытылды.
Жыл көлемінде қаржы институттары арқылы аудан кәсіпкерлеріне 1,6 млрд теңге несие берілген. Нәтижесінде ауданда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 109,3 пайызға өскен.
/syr-media.kz/news
06 ақпан 2019 ж. 1 167 0