Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Арал ауданында жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша жалпы құны 309,9 млн. теңге болатын 9 жоба қаржыландырылды. Бұған қоса, құны 60 млн теңгені құрайтын 2 жобаға кепілдендіру іске асырылды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Мұқтар Оразбаев мәлімдеді.
Аудан әкімінің айтуынша, Қамбаш  көлінің  жағасында  туризмді  дамыту шаралары  жалғасын  табуда. Биылғы  жылы  қосымша  10  демалыс  үйінің  құрылысы  салынып,  жаз маусымында жағалауда 31  кәсіпкер 104  нысанда халыққа  қызмет  көрсетті. Көл жағасында 82,5 мың адам тынығып, демалды.
 Сондай-ақ, «Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және жаппай  кәсіпкерлікті  дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған бағдарламасы» аясында «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша 90 адам оқу курстарын аяқтады. Ал, «Бастау Бизнес» жобасының 1, 2 және  3 лектерінде 121 адам оқу курстарын бітірді.
kyzylorda-news.kz
25 қыркүйек 2018 ж. 1 075 0