Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша актив отырысы өткізілді. Оған мүдделі мемлекеттік органдар мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.   Жиын барысында облыс әкімі аймақта жаппай кәсіпкерлікті қарқынды дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Қайтарымсыз гранттар және шағын несиелер алу бойынша қадамдық іс-әрекеттер, типтік бизнес-жоспарлар әзірленіп және де жобаларды сүйемелдеу үшін әр ауылдық округтерге облыстық деңгейдегі лауазымды тұлғалар бекітілді.
   «2018 жыл аймағымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» деп жарияланды. Бұдан бөлек, шағын бизнес субъектілерінің стартап жобаларына 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттар беріп, қолдау көрету үшін облыстық бюджеттен 200 млн. теңге бөлінді. Өңірлік инвестиция орталығы арқылы шағын несиелер беру үшін облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге, несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 1 млрд. теңгеден астам қаражаттар қарастырылғын», - деді аймақ басшысы.
   Одан әрі аудан әкімі М.Оразбаев ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы баяндама жасады. Белгілі болғандай, 2018 жылы Арал ауданында мемлекеттік грант алу үшін 86 кәсіпкер өтінім беріп, конкурстық комиссиямен жалпы құны 18,3 млн. теңге 23 мақұлданды. Өңірлік инвестициялық орталық тарапынан жыл басынан бері жалпы құны 166,3 млн.теңгені құрайтын 34 жобаны жүзеге асыру үшін шағын несие берілді.
Жиын барысында мұнан әрі ауылдық округтердің әкімдері сөз алып, кәсіпкерлік саласын дамыту бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндады.
   Жиынды қорытындылай келе, аймақ басшысы жобалар бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтіп, барлық деңгейдегі әкімдерге аймақтық жобалау офис шеңберінде облыс әкімдігінің ахуалдық орталығы арқылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлердің есебін жүргізуді және несиелік қаражатты толық қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берді.
   Анықтама үшін: Арал ауданында 3 435 жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері тіркелден. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың саны 6,5 пайызға артты. 2018 ж. 1 тоқсан қорытындысымен Арал ауданында 108 адам «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында, тағы да 42 адам «Бастау-Бизнес» жобасы аясында білім алды.
10 маусым 2018 ж. 1 372 0