Жаңа "Кек алушылар" бір апта ішінде 1,9 миллиард доллар жинады
"Кек алушылар: Финал" фантастикалық фильмі әлемдік прокатта бір апта ішінде 1,9 миллиард доллардан аса қаражат жинады. Бұл "Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы" сагасының жетінші эпизодының көрсеткішіне жақындадыТелекомпанияның есептеуінше, жаңа "Кек алушылар" өткен жұма күні әлем бойынша 128 миллион доллар жинаған, ал жалпы прокат уақытында 1,9 миллиард доллардан асқан. Әзірге рекорд "Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы" фильміне тиесілі. Бұл картина 2015 жылы екінші демалыс күні 149 миллион доллар жинаған, ал жалпы екі миллиард доллардан асқан. Ең кассалық фильмдердің рейтингінде "Кек алушылар: Финал" картинасынан жоғары "Аватар", "Титаник", "Жұлдызды соғыс: 7 Эпизод - күштің оянуы" және "Кек алушылар 3: Шексіздік соғысы" тұр. Олардың әрқайсысы екі миллиардтан аса доллар жинаған. Deadline болжамына сәйкес, екінші демалыс күнінің соңына қарай "Кек алушылар" "Титаникті" басып озды, бірақ оның "Аватардың" жетістігін аса алуы әзірге белгісіз.