Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 26 мыңға жуық бала лагерьге тегін барады

Қызылорда облысында 26 мыңға жуық бала лагерьге тегін барады

Кеше ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамина аймақ басшыларына балалардың жазғы демалыс уақытын ұйымдастыруды бақылауға алу қажеттігін ескертті. Және, аталған мәселе бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің лагерлердің санын арттыру ұсынысына қолдау білдірді.
Осыған сәйкес, өңірлерде де іргелі істер атқарылмақ. Мәселен, Қызылорда облысында мектеп жанынан ұйымдастырылған 550 орталық пен 9 лагерде 145 мың бала демалмақ. Одан бөлек, Қызылордалық балақайлар Алматы, Түркістан, Ақмола өңірлерінің демалыс орындарына жіберіледі. Сонымен қатар, 20 мыңдай оқушы тарихи-мәдени орындармен таныспақ. Айта кетерлігі оқушылардың бұл саяхат Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында жүзеге аспақ.
Тағы бір айта кетерлігі, толық емес отбасының балалары мүмкіндігі шектеулі отбасылардан шыққан 26 мыңдай бала лагерьге тегін баратын болады.
Қазір өңірдегі сауықтыру орындары оқушыларды қабылдауға әзірлік жүргізіп жатқан көрінеді. Демалыс кезінде балаларға білім беру, психологиялық және коммуникативтік қызмет көрсету орталықтарында бала қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады.
Бүгінде типтік жобадағы лагерь Қызылорда облысы бойынша тек Қармақшы жоқ. Алайда, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Мәди Бекмағамбетовтың айтуынша, қазір Қармақшы ауданында жыл бойы жұмыс істейтін лашердің құрылысы жүріп жатқан көрінеді. Оған облыс бюджетінен қажетті қаражат та бөлінген. Ал, нысан пайдалануға берілгенше Қармақшы ауданының оқушылары басқа аймақтағы 9 балалар сауықтыру орталықтарына жіберіледі.Және, өңіредіг қалталы азаматтардың қолдауымен қосымша 16 мың бала жазғы демалысын аранйы орындарда өткізетін болады.
https://abai.kz
23 мамыр 2019 ж. 1 046 0