Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойызға ит пен мысық алып кіретін адамдар бір купені толықтай алатын болды

Пойызға ит пен мысық алып кіретін адамдар бір купені толықтай алатын болды

Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын пойызда өзіңмен бірге ит, мысық, құс сияқты жануарларды алып жүруге рұқсат берілген. Дегенмен, оларды алып жүру үшін жануар иесі айтарлықтай ақшасын шашады. Себебі, оларға толықтай бір купені алуға тура келеді,

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы алдағы жаз маусымына орай үй жануарларын тасымалдау бойынша мәлімдеме жасады. 
Хабарламаға сүйенсек, тек ветеринариялық құжаттары бар үй жануарлары ғана пойызға жіберіледі.
Сондай-ақ, басқа жолаушыларды аллергиядан қорғау үшін жануар тек қожайынымен ғана бір купеге жіберіледі. Яғни, жануар иесі бір купені толықтай сатып алауы тиіс.
Бұдан бөлек, пойызға жануарын алып кіретін жолаушы оларды тек арнайы жәшіктер мен қорапқа салып жүруі керек.
Ал, көру қабілетінен айырылған зағиптардың жетекшісі, көмекшісі болатын иттер пойызда тегін тасымалданады. Оларға да тұмылдырық кигізіліп, қысқа қарғы бау тағылады.
24 мамыр 2019 ж. 731 0