ЖОҒАРЫ ҚАН ҚЫСЫМЫН ТҮСІРУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Сол жоғары қан қысымын түсіру үшін не істеу керек? Назарларыңызға тиімді тәсілдерін ұсынамыз:
Үйде қан қысымын түсіру үшін салқын су пайдалану қажет. Тазикке салқын су құйып, аяқты бір екі минут соған шаю керек. Қолды суық судың астында ұстап тұруға болады. Соңында бетке суық су шашуға немесе суық суға малынған орамал басуға болады.
Алма сіркесі де жақсы көмектеседі. Сіркеге салып, сығып алынған шүберектерді жалаң аяққа басып, 15 минутқа қалдыру керек.
Сондай-ақ жалбыз, бал мен лимон шырыны қосылған шай да қан қысымын түсіруге көмектеседі. Қан қысымы 20-30 минут ішінде түседі.
Қан қысымы қатты көтерілген кезде денені босатып, дұрыс тыныс алуға тырысу керек. Егер қан қысымы көтеріле берсе валерянка ішу керек.