Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Өнерге кірісіп кеткенін қаламаймын": Нұржан Керменбаев әйелінің шығармашылыққа қандай қатысы бар екенін айтты

"Өнерге кірісіп кеткенін қаламаймын": Нұржан Керменбаев әйелінің шығармашылыққа қандай қатысы бар екенін айтты

Нұржан Керменбаев әйелінің шығармашылыққа қандай қатысы бар екенін айтты,

Белгілі әнші Нұржан Керменбаев осымен екінші мәрте әйелін бейнебаянға түсірді. Мұны көрген жұрт өнер иесі ендігі кезекте келіншегімен бірге дуэт жазады деп болжам жасады. Бұл жайлы Нұржан Керменбаевтың өзі нақтырақ айтып берген болатын.
"Жоқ, үйдегі ханшайым ән айтпайды. Ән айтатын ойы да жоқ. Өткені, біріншіден ол кісінің музыкалық қабілеті жоқ. Қабілеті болса, ән айтқызып көртін едік. Қатты өнерге кірісіп кеткенін қаламаймын. Қалай десек те тепе-теңдік керек. Жеңгелеріңді қатты шығарып жіберсек те, халықты шаршатып алуымыз мүмкін", - дейді Нұржан Керменбаев.
27 мамыр 2019 ж. 1 759 0